Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда 10 жасар бала «Мұнайшы» стадионында бассейнге батып кетті

Атырауда «Мұнайшы» стадионындағы бассейнге батып кеткен 10 жасар бала көз жұмды. Қазір кешенді тергеу басталды.

Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Оқиға 14 шілде сағат 16:30 шамасында болған.

«Атырау қаласындағы „Мұнайшы“ стадионындағы бассейнге 10 жасар бала батып кетіп, қайтыс болды. Қазір аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері кешенді тергеу амалдарын жүргізуді бастады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

«Мұнайшы» стадионындағы бассейніне 2019 жылы қайта жаңғырту жүргізілген.

Бассейндегі олимпиадалық стандартқа сәйкес 8 жолаққа бөлінген жүзу жолының ұзындығы — 50, ені — 21, ал тереңдігі 2 метрден асады.

Бассейн 2020 жылы сенімді басқаруға берілген. Мұнда 600-ден астам бала су спортымен айналысуға келеді.

Back to top button