Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Қазақстан қалаларында пәтерлер қанша тұрады?

Бұл туралы Krisha.kz материалында айтылды.

Елдегі қайталама нарықтағы пәтерлерге ұсыныстың орташа бағасы — 7 миллион теңгеден 42.5 миллион теңгеге дейін. Ең арзан тұрғын үй — Қызылордада, ең қымбат тұрғын үй — Алматыда.

Пәтерлердің орташа бағасы:
Krisha.kz аналитикалық қызметі мәліметінше, орташа баға динамикасы жыл басынан бері тұрақты.

Қаңтардан маусымға дейін 10 қалада пәтер арзандаған:

Қызылордада: -3 пайыз;
Семейде: -1,9 пайыз;
Шымкент, Қарағандыда: -1,7 пайыздан;
Алматы: -1,3 пайыз;
Атырау: -1,2 пайыз.
Қостанай, Өскемен, Павлодар, Тараз қалаларында – 1 пайыз мөлшерінде.

Бұл ретте, бағалар алты қалада өскен, ең көбі Петропавлда (+4.7 пайыз), Ақтауда (+3.1 пайыз), Орал қаласында (+1.9 пайыз). Астанада бағалар өзгерген жоқ.

Back to top button