Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда жыл басынан бері есірткіге қарсы 82 құқықбұзушылық анықталды

Атырау облысында биыл есірткіге қарсы 82 құқықбұзушылық анықталған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 19 дерекке көп.

Атырау облыстық прокуратурасының мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес есірткі қылмысына және нашақорлыққа қарсы күрес шаралары күшейтіліп отыр.

«Өткен жылы Атырауда есірткімен байланысты 63 құқықбұзушылық анықталды. Ал, биыл осындай 82 дерек тіркелді. Заңсыз айналымнан 8 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Облыстық прокуратураның үйлестіруімен өткізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Атырау қаласының аумағында «Fito» заңсыз зертханасын ұйымдастырған жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Одан есірткі заттары бар 68 өсімдік алынды», — деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Прокуратура қызметкерлері интернет арқылы есірткі заттарының таралуын анықтау мақсатында әлеуметтік желіге күнделікті мониторинг жүргізіп отыр. Үкіметтік емес ұйымдармен бірге өткізілген акциялар мен рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде әртүрлі сайтта есірткі жарнамасы бар 30-дан астам жазба жойылған.

Сондай-ақ жыл басынан бері «Кибер-қадағалау» бағдарламасы арқылы заңсыз контенті бар 60 сайт анықталған. Аталған сайттарды бұғаттау мақсатында жинақталған деректер Ішкі істер министрлігіне жіберілді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 2 есірткі фитолабораториясы мен 2 өңіраралық тасымалдың жолы кесілгенін хабарлаған едік.

Back to top button