Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Журналистер кәсіби мерекеде пәтерлі болды

Бір топ БАҚ қызметкері кәсіби мерекелеріне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан пәтер сертификаттарын алды, мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

БАҚ қызметкерлеріне баспана сертификаттарын Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және «Дара» қорының президенті Әсел Шілдебаева табыс етті.

«Журналистер мемлекеттік қызметші немесе бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері болмағандықтан баспанамен қамтамасыз ететін бағдарламарға ілікпейтіндеріне жиі шағымданады, Пәтерлерді еліміздің дамуы мен президент жүргізіп жатқан реформаларды нақтылауға сүбелі үлес қосып жүрген журналистер алатынын ерекше атап өткім келеді. Баспанаға шын мұқтаж журналистер пәтер иесі атанады. Оның ішінде 21 пәтер көп балалы отбасыларға берілді. Тағы бесеуі жалғыз өзі бала тәрбиелеп отырған аналарға арналған. Оған мүмкіндігі шектеулі адамдары бар 11 отбасы ілікті. БАҚ қызметкерлері күніне орай пәтер алғандардың арасында жатақханада тұратын отбасылар да бар. Бұл тәжірибе жалғасын табады. Біз журналистер мен олардың отбасыларына баспана мәселесін шешуге көмектесіп жатқанымызға қуаныштымыз», — деді Берік Уәли.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекет әлеуметтік жобаларға жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы тұрғын үй мәселесіне үлкен көңіл бөлуде, қолжетімді баспана бойынша түрлі әлеуметтік жобалардан бөлек, қазақстандықтардың бір миллион үш жүз мыңнан астам азаматы өздерінің жинақталған зейнетақы қаражатын тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсағанын ұмытпауымыз керек. Бұл мемлекет өз азаматтарына көмек көрсететін теңдессіз механизмі», — деді министр Аида Балаева.

Өткен жылы Мемлекет басшысы атынан БАҚ қызметкерлеріне бір және екі бөлмелі 65 пәтер кілті табыс етілді.

Биыл 67 пәтер бөлінді, оның ішінде 13 үш бөлмелі, 45 екі бөлмелі, 9 бір бөлмелі пәтерлер бар.

Back to top button