Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырау облысында жаңбыр суын сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді

2024 жылғы 25 маусымда Атырау облысында ауа райының күрт нашарлап, жауын-шашынның көп мөлшерде жаууына байланысты қала, аудан көшелері бойын жаңбыр суы басты.

24-25 маусым аралығында жергілікті атқарушы органға көмек ретінде, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары қала аумағында (Сарықамыс ы/а М. Сатыбалдиев, Садыхов көшелері бойына) жиналған жаңбыр суын сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Махамбет ауданында Д. Нұрпейсова көшесі бойында орналасқан тұрғын үйдің ауласына жиналған жаңбыр суын сору жұмыстары жүргізілді.

Махамбет ауданы, Атырау-Орал тас жолының 56 шақырымында Жалғансай ауылының тұсында жауын-шашын салдарынан жиналған суды сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылында орналасқан «Кереген» ауыз сумен қамтамасыз ететін станциясына жауын-шашын салдарынан жиналған суды сору жұмыстарын жүргізді.

Атқарылған авариялық-құтқару жұмыстарының нәтижесінде, жалпы саны 3000-нан астам текше метр жаңбыр суы сорылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 17 қызметкері және 4 техника, 3 дана мотопомпа, 1 ПНС жұмылдырылды.

Back to top button