Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырау облысында «Жасыл ел» еңбек жасағына 1 мың жас іріктелді

Атырау облысында «Жасыл елдің» еңбек жасағына 1 мың жас тартылады. Қазір алғашқы лекте 300-ден астам жас жұмыс істеп жүр.

Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы жастар және әлеуметтік бастамаларды қолдау бөлімінің бас маманы Әйгерім Құрманберлиеваның айтуынша, биыл «Жасыл ел» бағдарламасына қатысу үшін 1 мың 700 жастан өтініш түскен.

«Өңірдегі төтенше жағдайға байланысты «Жасыл ел» жастар жасағының биылғы еңбек маусымы 12 маусымда басталды. Оған 16 мен 35 жас аралығындағы 1 жас жас іріктелді. Жоба Атырау қаласының аумағындағы 6 ауылдық округ пен 7 ауданда іске асырылады. Жұмыспен қамтылған жастар көгалдандыру, абаттандыру бағытына қоса құрылыс саласында жұмыс істейді. Мәселен, Жылыой ауданынан 140 жас су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан тұрғын үй құрылысына және көгалдандыру жұмыстарына тартылады», -дейді Әйгерім Құрманберлиева.

Оның дерегіне сүйенсек, құрылыста жұмыс істейтін жастар үшін 85 мың теңге жалақыға қосымша дәл осындай қаржы төленеді.

«Биыл облыс бюджетінен «Жасыл ел» жобасына 110 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл қаржы ұйымдастырушылар мен жұмысқа тартылған жастардың жалақысын төлеуге, түрлі акция мен сенбілік өткізуге, арнайы киім мен түрлі құрал-сайман алуға жұмсалады. Қазір 300-ден жас жұмыс істеп жүр», -деді Әйгерім Құрманберлиева.

Back to top button