Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырау-Орал трассасын қалпына келтіру әлі жалғасып жатыр

Су тасқынына байланысты Атырау-Орал трассасының жырылған бөлігін қалпына келтіру әлі жүргізіліп жатыр. Оның аяқталуына әлі 1-2 күн бар.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау облыстық филиалының басшысы Еркен Шералиевтің айтуынша, республикалық маңызы бар автожолдың 44-шақырымын қалпына келтірудің 80 пайызы атқарылған.

«Атырау-Орал автожолын қайта қалпына келтіру жұмысы бір апта бұрын басталды. Қазір трассаның аталған бөлігінің 10 метрдей аумағында қалпына келтіру жұмысы жалғасып жатыр. Қалпына келтіру аяқталған соң бір мезгілде екі жолақтан көлік жүреді. Жол уақытша қалпына келтіріліп, пайдалануға берілгеннен кейін автожолдан жеңіл көліктер ғана өте алады. Автокөлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында автожол бір-екі күнде пайдалануға беріледі», — дейді Еркен Шералиев.

Оның айтуына қарағанда, қазір барлық учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

«Жолдың су шайған бөлігін уақытша қалпына келтіру жұмысын атқару үшін 30 адам, 23 техника жұмылдырылды. Осы трассаның 56-шақырымында жолдың үстінен ағып жатқан суды тоқтату мақсатында бөгетті орнату және нығайту қолға алынды», — деді Еркен Шералиев.

Атырау-Орал трассасын қалпына келтіру жұмысын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Атырау облыстық филиалы мен бас мердігер ретінде «Қажсервис» компаниясы атқарып жатыр.

Back to top button