Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырау облысында жол бойында байланыс антенналарын орнату жұмыстары басталмаған

Атырау облысында жол бойында орнатылуы тиіс байланыс антенналардың бірде-біреуі бойынша жұмыс басталмаған. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты.

«Серік Жамбылұлы сіздердің өңірлеріңізде жол бойында орнатылуы жоспарланған антенналардың бірде-біреуі бойынша жұмыстар басталмаған. Қандай шаралар қабылдап жатсыздар?», — деп сұрады Үкімет басшысы өңір әкімі Серік Шәпкеновтен.

Атырау облысы әкімінің айтуынша, өңірде 153 елді мекеннің 132-сі кеңжолақты интернет желісімен қамтылған. Қалған елді мекендерде адам саны аз. Тіпті, 50 адамнан да аз тұрғыны бар ауылдар бар. «Қолжетімді интернет» жобаясы аясында байланыс сапасын арттыру жұмыстары қолға алынған. 38 елді мекенге талшықты-опиткалық интернет желісі жүргізіледі.

«Шынында да 5 антенна діңгегі құрылысы бойынша кестеден қалып отырмыз. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамасы демеушілер тарапынан жасалып жатыр. Кешіккен себебіміз, біріншіден, антенна діңгегінің сметасын жасайтын кезде мамандар шақырған едік. Олар құрылыс салатын орындарды қамту аймағын кеңейту, «ақ дақтар» болмауы үшін өзгертті. Екіншіден, антенна биіктігін көтерді», — деді ол.

Серік Шәпкенов, бұған қоса, антенна діңгектері көктемде су басқан жерлерде салынуы тиіс болғандықтан кестеден қалып отырғандықтарын айтты.

Back to top button