Атырау облысы полиция департаменті қызметкерлерінің кешенді жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде 9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде 1991ж.т., әйел адамды өлтіруге оқталған 1995ж.т., күдікті Ақтау қаласынан анықталып, ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергелуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.