Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда азаматтық некедегі әйелін өлтіруге оқталған ер адам іздестірілуде

Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Оқиға 9 маусымда болған. Күдіктінің қылмыстық әрекеті видеокамераға түсіп қалған.

«Атырау қаласындағы көпқабатты үйдің бірінің дәлізінде ер адам 33 жастағы әйелді өлтіруге оқталған. Қазір 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», -деп хабарлады Атырау қаласындағы № 1 полиция бөлімінің бастығы Руслан Байтенов.

Оның ақпаратына қарағанда, күдікті мен жәбірленуші бұрын азаматтық некеде болып, бірге тұрған.

Back to top button