Жайық өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты Махамбет ауданы Талдыкөл ауылына кірме жолды су шайып кеткен болатын.
2024 жылғы 25 мамырда Талдыкөл ауылының тұрғындарын құтқарушылар алдын ала эвакуациялады.
Құтқарушылар тұрғындарды қайық арқылы тасымалдау үшін кезекшілік ұйымдастырып, Талдыкөл ауылынан жалпы саны 2206 адам, оның ішінде 8 бала жүзу құралдары арқылы тасымалданды.
Атырау қаласы «APEC PetroTechnic» колледжі базасындағы эвакопунктке орналастырылған ауыл тұрғындар ішінара үйлеріне келіп жатыр.
4 маусым сағат 17:00-дегі ақпарат бойынша Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 100-ден астам адамды, оның ішінде 8 баланы қайықпен тасымалдады. Сонымен қатар, шаруа қожалықтардың біріне Шерп автокөлігімен азық-түлік жеткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, тұрғындарды тасымалдау таңертеңгі сағ 08:00-ден кешкі 21:00 дейін жүзеге асырылуда. Талдыкөл ауылында тұрғындарға көмек көрсету үшін Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 7 құтқарушы, 1 бірлік қайық, 2 бірлік автокөлік, 1 арнайы техника (Шерп) жұмылдырылды.
Махамбет ауданында Жайық өзенінің су деңгейінің төмендеуі байқалады, бүгінгі күні су деңгейі 1004 см құрайды. Талдыкөл ауылында тұрғын үйлер мен нысандарды су басу деректері тіркелмеді.