Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Құлсарыда 2000-нан астам тұрғын баспананы қалпына келтіру мақсатындағы өтемақыны алуға шарт жасасты

Барлығы 2087 адам өтемақы алу шартына қол қойды. Қазіргі уақытта 1582 тұрғынның жеке шотына өтемақы түсті», — деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

Өтемақы алған Құлсары тұрғындарының бірі жаңа тұрғын үй салуға дайындығын бастап кетті.

Елдесбаев Дайрабай Еңсегенұлы — Құлсары қаласының тұрғыны. Оның үйі 5 сәуірде су тасқынынан зардап шекті.

Менің үйім шамамен 13 күн судың астында тұрды. Қабырғалар жарылып, құлай бастады. Ел қатарлы мен де бағалау комиссиясының нәтижелерін күттім.
Кеше бағалау комиссиясының және техникалық сарапшылардың менің үйім бойынша жасаған жұмыс қорытындыларымен таныстым. Комиссия менің үйімді тұруға мүлдем жарамсыз деп таныды және залал үшін ақшалай өтемақы ұсынды. Ұсынылған қаражат көңілімнен шықты. Бүгін мен шартқа қол қойып отырмын. Бір шаршы метр үшін 240 мың теңге көлеміндегі қаражат мені толығымен қанағаттандырып отыр.
Ескі үйімді бұзып, іргетасымды биіктетіп, жаңа үй салуды жоспарлап отырмын, — деді «Автодорожник» шағын ауданының тұрғыны Дайрабай Елдесбаев.

Қазіргі уақытта Елдесбаев Дайрабай Еңсегенұлы жалдамалы пәтерде тұрып жатыр.

Ол қазірдің өзінде жаңа тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына дайындығын бастап кетті.

Сондай-ақ, бүгінде Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 100 үйдің құрылысы жалғасуда.

Әр үйдің ауданы 100 шаршы метрді құрайды.

Мердігер ұйымдар қазірдің өзінде үйлердің қабырғаларын тұрғызу жұмыстарын бастады.

Қазір құрылыс жұмыстарына 100 маман-құрылысшы және 50 бірлік техника тартылып отыр.

Back to top button