Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырау облысында жыл басынан бері 12 адам суға кеткен

Атырау облысында жыл басынан бері 12 адам суға батып кеткен. Оның ішінде 2 бала бар.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаны басқармасының бастығы Бақыт Аблановтың айтуынша, өңірдегі су айдындарында шомылуға қауіпті 70 учаске анықталып отыр.

«Атырау облысының аумағындағы су айдындарына үнемі мониторинг жүргізіледі. Биыл мониторинг нәтижесімен өзендерде қауіпті 70 учаске анықталып отыр. Сол себептен бұл учаскелерде шомылуға тиым салынды. Осындай учаскелерде 238 тиым салу белгісі мен 9 ақпараттық стенд орнатылды», — дейді Бақыт Абланов.

Оның дерегіне қарағанда, төтенше жағдайлар және полиция департаменттерінің қызметкерлері тұрғындардың судағы қауіпсіздік талаптарын бұзуына жол бермеу бағытындағы бірлескен рейдтер өткізіп келеді.

«Бірлескен рейд кезінде тұрғындарға су айдындары жағалауында балаларды қараусыз қалдырудың өкінішке ұрындыруы мүмкін екені туралы түсінік жүргізілді. Биыл жыл басынан бері қауіпсіздік талабын сақтамаудың салдарынан 12 адам суға батып кетті. Оның ішінде 2 бала бар. Ал, балаларын қараусыз қалдырған 3 ата-анаға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айыппұл салынды», — деді Бақыт Абланов.

Back to top button