Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырау облысында шомылу үшін қауіпті 70 учаске айқындалды

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы бойынша ТЖД-нің өкілі хабарлады.

Мониторинг нәтижесімен Атырау облысы аумағында 70 қауіпті су учаскесі анықталып, оларда шомылуға тиым салынды. Осындай жерлерде 238 тиым салу белгісі мен 9 ақпараттық стенд орнатылған.

— Қазіргі кезде ТЖД мен полиция қызметкерлері азаматтардың судағы қауіпсіздік талаптарын бұзуына жол бермеу және әкімшілік құқықбұзушылық Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тарту жұмыстарын жалғастыруда. Балаларын қарамай қалған ата-аналарға жыл басынан бері 3 айыппұл салынды. ТЖД қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің арқасында ғана бұл балалар аман қалды,- деді Атырау облысы бойынша ТЖД-нің азаматтық қорғаныс  басқармасының бастығы Бақыт Абланов.

Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау облысында 12 адам, соның ішінде 2 бала суға батып кетті.

Back to top button