Бұл жөнінде көлік министрі Марат Қарабаев Мәжілістің отырысында хабарлады.
— Тасқын су кезінде бұзылған жолдар бойынша: олардың 11 учаскедегі жалпы ұзындығы 33 км. Кейбір жерлерін су басып, кейбір жерлерін шайып кетті. Бірқатар жерлерін арнайы жырып тастадық. Республикалық жолдар бойынша қалпына келтіру жұмыстарының құны шамамен 8,5 млрд. теңгені құрайды,- деп хабарлады М.Қарабаев.
Министр атап өткендей, жергілікті маңыздағы жолдардың 275 учаскесін жөндеуге 20 млрд. теңгеден астам қаражат талап етіледі. Нақты сомасы туралы қосымша хабарланатын болады.
Айта кетейік, су тасқыны кезінде мол судың бағытын бұру үшін республикалық маңыздағы Атырау-Орал жолының кейбір учаскелерін бұзу жөнінде шешім қабылданған болатын.