Бүгінгі таңда 40-қа жуық кәсіпкер тиісті құжаттарды тапсырды, деп хабарлайды Атырау облысының жедел штабы.
Қазір комиссия үш бағытта жұмыс істеп жатыр:
Тауар-материалдық құндылықтар, жылжымайтын мүлік, жылжымалы мүлік және құрал-жабдықтарға келтірілген шығынды өтеу.
Тауар-материалдық құндылықтар бойынша 135 өтініш берілді, қазір мамандар мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп өтемақыларды есептеу процесін жүргізуде, 52 кәсіпкер өтемақы алу үшін сот сараптамасын алды.
Жылжымайтын мүлкі бүлінген кәсіпкерлер саны – 137, 9 нысан бойынша техникалық байқау жұмысы жалғасуда, 128 кәсіпкерлік нысанына техникалық байқау қорытындысы берілді:
•
апатты жағдайда деп танылған (бұзуға жатады) – 15 нысан;
•күрделі жөндеуді қажет ететін – 14 нысан;
•ағымдағы жөндеуді қажет ететін – 97 нысан.
Бүгінгі таңда 44 нысан бойынша сметалық құжаттамалар жасалды.
Жылжымалы мүлкі мен жабдықтары бүлінген кәсіпкерлер саны — 119, бүгінгі таңда 15 өтініш бойынша жұмыстар аяқталды, 104-і қаралуда.
Жоғарыда аталған жұмыстарға барлығы 12 компания және 57 бағалау және арнайы сараптама маманы жұмылдырылған.