Атырау қаласының Амангелді ауылындағы су тазарту қондырғысының жұмысы уақытша тоқтатылды.
Бұл туралы «Атырау облысы су арнасы» КМК ақпарат таратты.
«Амангелді ауылындағы су тазарту қондырғысының жұмысы қалқымалы сорғыға бару және жөндеу жүргізудің мүмкін еместігіне байланысты уақытша тоқтап тұрғанын хабарлаймыз. Соның салдарынан Дамбы, Қызылбалық, Жаңаталап және Құрманғазы ауылдарына салқын су Атырау қаласынан жеткізіледі. Осыған байланысты үйдегі су қысымы төмендеуі мүмкін», -делінген кәсіпорынның ақпаратында.