Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, борышкер жүргізуші кеше, 27 мамырда ұсталған.
«Күндізгі сағат 16:20 шамасында жедел басқару орталығының қызметкерлері Сатпаев-И.Тайманов көшелерінің қиылысында NISSAN автокөлігін анықтады. Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің тексеруі кезінде көлік жүргізушісінің 3 млн 771 мың теңге айыппұлын төлемей жүргені анықталды. 1978 жылғы жігіт көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, рульге отырған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды», — деп хабарлады қалалық полиция басқармасынан.
Полиция қызметкерлері жинақталған іс-құжаттарын мамандандырылған әкімшілік сотқа жолдады. Ал, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.