Құтқарушылар Жылыой ауданында, Махамбет ауданында жоғалған адамдардың денесін тапты.
— 29 мамырда сағат 15:55-те Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жылыой ауданында жолғалған 1991 ж.т. адамның денесін «Қамыскөл» көлінен шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Еске салайық, жоғалған адам 23 мамырда сағат 19:30 шамасында үйінен шығып, туыстарының айтуынша «Жем» өзеніне жеке қайығымен балық аулауға кетіп, кері оралмаған. Құтқарушылар шақырту түскен уақыттан бастап бүгінгі күнге дейін 6 күн бойы үздіксіз іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын Атырау облысы ТЖД 3 құтқарушы мен 1 бірлік моторлы қайық жүргізді.
— 29 мамырда сағат 16:15-те Махамбет ауданы Ақжайық селосынан 5 км қашықтықта жайылмаға тараған өр суынан 1998 ж.т. ер адамның денесін құтқарушылар шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Айта кетейік, 1998 ж.т. ер адам «Манаш» шаруа қожалығы бағытында мал жаюға шығып, кері оралмаған болатын.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД, АПБ, ЖАО барлығы 21 адам, 6 бірлік техника, 3 бірлік моторлы қайық жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты өзен суы өз арнасынан асып, жайылмаға тараған болатын.
Осыған байланысты Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын су тасқыны кезінде қауіпсізідік шараларын сақтауға шақырады.