Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

1100-ден астам құлсарылық баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алды

Мобильді топ мүшелері үйлерді аралау барысында 2 583 үйге бағалау және техникалық зерделеу жұмыстарының қорытындысымен таныстырды, деп хабарлайды Атырау облысының жедел штабы.

Бүгінгі таңда Құлсарының 1 594 тұрғыны өтемақы алу туралы келісімшартқа қол қойып, 1165-не төлем төленді. Оның ішінде 722 тұрғын баспана сатып алуға және 443 тұрғын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына төлем алды.

Құлсары қаласының тұрғыны Сегіз Бердіқұловқа мобильді топ мүшелері үйіне келіп, бағалау парағын берген. Ол сарапшылардың қорытындысында көрсетілген қаржыға толық келіскенін айтты.

⁃ Сарапшылардың мүлкіме жасаған бағалау қорытындысын алған соң дереу Жылыой ауданы әкімдігіне барып, маған төленетін өтемақыны ақшалай алғым келетінін айттым, — деді Сегіз Бердікұлов.

Вахтовый ауылының тұрғыны Қожантай Дәуітовке де бағалау комиссиясының қорытындысы берілді. Ол су басқан мүлікке келтірілген залал сомасына толық келісетінін атап өтті.

⁃ Мүлкімді әділ бағалаған мамандарға алғыс білдіремін. Бұл қаражатпен үйімді толық қалпына келтіремін деп ойлаймын, — деді Қожантай Дәуітов.

Сондай-ақ, бүгін техникалық зерделеу қорытындысын қайта қарау жұмыстары басталды. Нәтижелерді қайта қарауды мамандар тұрғындардың берген өтінішінде көрсетілген ескертулерді ескере отырып, жүзеге асырады.

Back to top button