27 мамырда сағат 12:19-да Атырау қаласы, СМП-163 мекен жайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен түтін шығып жатқаны туралы шақырту түсті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қоғаммен байланыс тобынан білгеніміздей, өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына санаулы минутта жетіп, 6 қабатты тұрғын үйдің 5-ші қабатындағы пәтердің қонақ бөлмесінде жиһаздардың жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, өртті сағат 12:44 –те оқшаулап, сағат 12:52-де толықтай жойды. Сонымен қатар өрт сөндірушілер өрттің одан әрі ұласуына және көршілес орналасқан пәтерлерге таралуына жол бермеді.
«Өрт кезінде аталған 6 қабатты тұрғын үйден 23 адам оның ішінде 8 бала өздігінен таза ауаға шыққан. Өрттің шығу себептері анықталуда. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 8 қызметкер, 3 бірлік техника, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 3 қызметкер, 1 бірлік техника жұмылдырылды. Облыс тұрғындары мен қонақтарын пәтердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз» делінген хабарламада