Өр суының қарқыны басылмауына байланысты 22 мамыр сағат 21:00 ден бастап, «Атырау — Индер» трассасы уақытша жабылады.
Бұған дейін 6 су өткізгіш құбыр салынған болатын, қосымша тағы да осындай 6 құбыр салынғалы отыр.
Құбыр орнату жұмыстары шамамен 24-30 сағатқа созылады деп күтілуде.
Жұмыстарға қосымша 30 адам және 50 техника жұмылдырылады.
Автокөлік жүргізушілері үшін балама жол «Атырау — Хамит Ергалиев — Махамбет» бағыты ашық.