Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,06 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 441,79 теңге. Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 441,80 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,88 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 442,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 443,7 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 440 теңге, сатып алу құны – 445 теңге.
Ресей рублі 4,82 – 4,92 теңге аралығында саудаланып жатыр.