Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтарының бірі топан су ортасында қалған. Осыған байланысты қожалық иесі құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Құтқарушылар су ортасында қалған 4 үйір (80 бас) жылқыны қауіпсіз жерге айдап, қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын жүргізді.
Құтқару жұмыстарына 18 адам, 8 бірлік қайық, 4 бірлік техника жұмылдырылды.