Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

«Атырау — Индер» трассасында қорғаныс бөгеттері бекітілуде

«Атырау — Индер» трассасының 25 шақырымында жайылма судың шығып кету дерегінің тіркелуіне байланысты, жолдың Жайық жақ бетіне шұғыл бөгет соғу жұмыстары жүріп жатыр.
Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында 15 ауыр техника жол жиегіне бөгет соғу жұмыстарын жүргізуде. Әзірге тас жол жабылған жоқ. Көліктер қозғалысын полиция департаменті қызметкерлері қамтамасыз етуде» деді спикер. Қазіргі уақытта жайылма суды сай салаға бағыттау мақсатында қосымша жыру жұмыстары және өр суын Соколок каналына бағыттау жұмыстары жүруде. Еске сала кетсек, 20 мамыр күні Атырау — Индер трассасының 25 км тұсына жайылма су трасса бетіне шығу оқиғасы тіркелген болатын.

Back to top button