«Жылыой Тазалық» ЖШС қызметкерлері су басқан үйлерден күніне 1,7 тоннаға дейін тұрмыстық қалдықтарды шығаруда, деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб.
Бұл туралы «Жылыой Тазалық» ЖШС учаскесінің бастығы Асқар Теміржан айтты.
«Бүгін су басқан аулалардан коммуналдық қызметкерлер 10 тоннадан астам қоқыс пен тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарды. ТЖ режимін жою бойынша жұмыстар шеңберінде Құлсары тұрғындарының үйлерінен бүлінген мүліктерді әкету бойынша жұмыс жүргізілуде. Күніне көшелерден 1,7 тоннаға дейін қоқыс жиналады. Біздің міндетіміз — үйлер мен аулаларды қоқыстардан тез арада тазарту. Осылайша, тұрғындар жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тұрғын үйлерін ретке келтіре алуына жағдай жасау, — деді Асқар Теміржан.
Құлсары көшелерінен қоқыстарды жинау және шығару жұмыстарына 17 арнайы техника, 5 жүк тиегіш, «Жылыой Тазалық»ЖШС-нің 38 қызметкері жұмылдырылды.
Бес бригада күн сайын таңғы 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істеуде.