Индер, Махамбет аудандарында су деңгейі 2 метрге дейін көтеріліп, жағаға келіп тірелді. Әсіресе Талдыкөл ауылында жағдай қиын. 900-ден аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.
Атырау қаласындағы гидробекетте Жайықтың суы қауіпті деңгейден 3 см-ге асты. 250 шақырымнан астам жаға бекітілді. Қазір тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.