Атырау облысында Индербор кентінің бір бөлігі электр қуатынан ажыратылды. Жер астындағы құбырдан шыққан суды жоюды қауіпсіз жүргізу үшін осындай шешім қабылданған.
Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратовтың айтуынша, Индербор кентінде құбырдан аққан суды жою жұмысы жүріп жатыр.
«Жою жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін Индербор кентінің бір бөлігі электр қуатынан ажыратылды. Суды Жайық өзеніне айдау жұмысы жүргізіліп жатыр. Апатты учаскенің айналасында үш деңгейлі бөгет салынуда. Жағдай бақылауға алынды», — деді Дарын Шамұратов.