Атырау облысының Махамбет ауданында Жайық өзенінің жайылмасындағы қыстақтың 30 тұрғынын эвакуациялау жоспарланып отыр.
Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, тұрғындар бүгін, 9 мамырда Махамбет ауданындағы «Лесхоз» қыстағындағы тұрғындарды қауіпсіз аумаққа көшіру туралы шешім қабылданған.
«Жайық өзеніндегі су деңгейінің жоғарылауына байланысты «Лесхоз» қыстағының тұрғындарын эвакуациялау жоспарланды. Махамбет ауылдық округіне қарайтын қыстақта 25 үй бар. Оның жетеуінде мал шаруашылығымен айналысатын 30 адам тұрады. Тұрғындар Махамбет ауылында орналасқан Д. Төленов атындағы орта мектепте ашылған эвакуация пункттіне орналасады», — деп хабарлады облыстық жедел штабтан.