«Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филилалының дерегіне сүйенсек, Индер және Махамбет ауданында Жайықтың суы қауіпті шектен асып кетті.
6 мамырда таңертеңгі сағат 08:00–де Индербор кентінің тұсында өзен арнасының суы 884 сантиметрге жетті.
Мұнда қауіпті шек — 845 см. Демек, қауіпті шектен +39 сантиметрге көбейіп тұр.
Ал, Махамбет ауданында өзен арнасы қауіпті шектен +11 сантиметрге асқан.
Қазір Махамбет ауылының тұсындағы су деңгейі 861 сантиметр болды.
Жайық өзенінің деңгейі Атырау қаласында — 496 см.
Мұнайлы шаһар маңындағы Жаңаталап ауылында — 356, ал, Еркінқала елді мекенінде — 316 сантиметрді көрсетті.