Атырау облысының Сарайшық ауылында 300 адамды қабылдайтын эвакуациялық пункт дайындалды.
Махамбет ауданы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, су тасқынына байланысты 22 эвакуациялық пункт дайын тұр.
Соның бірі Сарайшық ауылында орналасқан Қ.Қарашаұлы атындағы орта мектепте ашылған.
Мектептің директоры Дания Сабырованың айтуынша, оқушылар 10 сәуірден бері сабақты онлайн оқуға жіберіген.
«Қазір мектепте ашылған эвакуациялық пункт дайын тұр. Су тасқынына байланысты тұрғындарды эвакуациялау қажеттігі туындаса, біздің пункт 250-ден 300 адамға дейін қабылдай алады. Эвакуациялық пункте қажетті қор жасақталды. Қорда бірінші кезекте тұтынуға қажетті заттар, оның ішінде, су, азық-түлік, дәрі-дәрмек пен жеке күтім жасауға арналған гигиеналық құралдар бар», -деді Дания Сабырова