Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың бұйрығына сәйкес, шығындарды өтеу шағын және орта бизнестің иелігіндегі жоғалған мүліктің немесе сол мүлікті қалпына келтіруге жұмсалған шығындардың құнына өтем жасау арқылы іске асырылады. Бұл жерде сақтандырылған мүлік есепке алынбайды.
Жоғалған тауарлардың құны көтерме сауда жеткізушілерден сатып алу бағасы бойынша өтелетін болады. Мүліктік шығындарды анықтайтын өңірлік комиссияның шешімі мүліктің құнын өтеу үшін негіз болып табылалды.
Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Сәттіғұл Сабировтың айтуынша, бүгінгі күнге Жылыой ауданының кәсіпкерлерінен 236 өтінім қабылданған.
— Тасқын су кезінде кәсіпкерлерге келтірілген залалды бағалаумен өңірлік комиссия айналысады, — деді С.Сабиров.