Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Жылыойда үш мыңға жуық үй тасқыннан зардап шеккен

Қазіргі уақытта Қоғамдық штаб жанынан жұмыс істеп жатқан азаматтар тасқыннан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек үлестіру, несие төлемі уақытын кейінге шегеру, суға кеткен үйлерге бағалау жұмыстарын жүргізу, мемлекет тарапынан берілетін материалдық көмекке құжаттар жинақтау бойынша кеңес беруде.

«Суға кеткен үйлердің ішінде екінші деңгейлі банктерде кепілдікте тұрған үйлер, құжаты жоқ үйлер де бар. Біз қазір осындай үйлерге де бағалау жүргізу бойынша кеңес беріп, тұрғындарға бағыт көрсетудеміз» деді Жылыой ауданының Қоғамдық штаб төрағасы Ерқұл Дәулетбаев.

26 сәуір күнгі ақпарат бойынша, Жылыой ауданында
2920 үй және 19 көп пәтерлі тұрғын үй (820 пәтер) суға кеткен.

25 сәуір күнгі мәліметке сәйкес, тасқыннан зардап шеккен 3591 тұрғын 100 АЕК көлемінде бір жолғы материалдық көмек алды.

Back to top button