Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Құрманғазы ауданында бөгет бекіту жұмыстарының 85 пайызы аяқталды

“Қазіргі уақытта бөгеттерді қалпына келтіру жұмыстарының 85 пайызы аяқталды. Бөгет бекіту жұмыстары округ тұрғындарының көмегімен жасалуда. Одан бөлек ауданда екі мыңнан астам волонтер көмектесіп жатыр”,-деді аудан әкімі Абат Жанғалиев.

Аудан әкімінің айтуынша, күні бүгінге дейін 186 мың қапқа топырақ салынып, бөгет бекіту жұмыстарына жұмсалды. Өңірдегі шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер материалдарымен және техникалармен көмектесіп жатыр.

“Ауданда ең қауіпті — Қиғаш, Шортанбай, Дыңғызыл, Көптоғай, Бөкейхан, Кудряшов, Бірлік, Сафон ауылдық округтері Қиғаш өзені бойында орналасқандықтан, ең бірінші судың толқынын қабылдайтындықтан осы ауылдық округтердегі бөгеттерді нығайтуға бар күшімізді салып жатырмыз.
Төтенше жағдай бойынша аудандық резервтегі бюджеттен 35 миллион теңге қаражат бөлінді. Одан кейін облыс бойынша ТЖ кезеңі жарияланғанда облыстан 580 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп, аудан көлеміндегі бөгет нығайту жұмыстары жүргізілуде”,- деді аудан әкімі А. Жанғалиев.

Айта кетейік, Құрманғазы ауданына су Волгоград су электр станциясынан жіберіледі. 1979, 1991,1992 және 2016 -2022 жылдары ауданға су деңгейі 3,5 метр биіктікте келген. Биыл бөгеттердің ең қауіпті шыңы 5 метр деп болжануда.

Back to top button