Атырау халықаралық әуежайы ТЖ жағдайында штаттық режимде жұмыс істеп жатыр,-деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб.
Атырау халықаралық әуежайының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекторы Андрей Венгринюк мәлімдегендей, ТЖ режимі аясында 10 сәуірден бастап Алматы, Астана, Ақтау, Шымкент қалаларына қосымша рейстер ашылған.
— 10 сәуір мен 15 сәуір аралығындағы кезеңде қосымша рейстердің саны екі есе көбейтіліп, оларды 8 300 адам пайдаланды. Бұл ретте, Атырау халықаралық әуежайына салмақ түсіп тұрған жоқ, нысан штатты режимде жұмыс істеп тұр,-деді А.Венгринюк.