Жылыой ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға біржолғы материалдық көмек төлеу басталды. Тұрғындардың есеп-шоттарына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 369 200 теңге түсті.
— Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасылардан түскен өтініштерді тәулік бойы өңдейді. Қазіргі уақытта 650 — ге жуық өтініш қанағаттандырылды, — деді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова.