Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Оралда жеті балабақша уақытша жабылды

Су тасқыны қаупіне байланысты Орал қаласында 7 балабақша 16 сәуірден бастап қызметін уақытша тоқтатты.

Орал қаласы білім бөлімінен мәлім еткендей, шаһарда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануына байланысты қауіпті тұста орналасқан № 2, 6, 12, 16, 17, 29, 33 мектепке дейінгі ұйымдары уақытша жұмыс істемейді.

Осы мекемелерде 1 018 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр.

Бұлардан басқа балабақшалар қалыпты жағдайда бүлдіршіндерді қабылдап, өз қызметін атқарады.

«Қалада барлығы 50 мемлекеттік, 124 жеке балабақша бар. Жеке балабақшалар өздері шешім қабылдайды» деп хабарлады ведомстводан.

Back to top button