Жылыой ауданында су тасқынының зардаптарын жою бойынша іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.
⁃ 14-15 сәуірге қараған түні Құлсары көшелерінен коммуналдық қызмет өкілдері 4277 текше метр су шығарды. 43 вакуум машинасы іске қосылып, 473 мәрте рейс жасалды, — деп хабарлады Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.
Осылайша, сорылған судың жалпы көлемі 16 мың текше метрді құрады.