Құлсары қаласында 8 сәуірден бері «ЖылыойГаз» ЖШС қызметкерлері газ беруді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұл туралы «ЖылыойГаз» ЖШС директоры Ғалым Жақашев мәлімдеді.
«Газ беру жұмыстарын 4 бригада екі ауысыммен атқару үстінде.
Қазіргі таңда газ мәселесіне қатысты апаттық диспетчерлік қызмет тәулік бойы өтініш қабылдайды. Айта кету керек, тасқын су салдарынан газ қондырғылары мен құбырлары көп зақым алған. Ішіне су кіріп кету және кейбір үйлер құлағаннан газ желілеріне зақым келіп, сынып кету жағдайлары орын алып жатыр.
Апаттық диспечерлік қызметі (104 немесе +7 701 845 72 45 телефоны арқылы) күні-түні тұтынушылардың тапсырысын қабылдайды, — деді «ЖылыойГаз» ЖШС директоры.