14 сәуірде «Доссор — Құлсары» бағытында жол қатынасы уақытша ашылды.
Еске сала кетсек, 4 сәуір күні Жем өзені арнасынан асып, Жылыой ауданында орын алған тасқын су Құлсары қаласына бағыт алатын Доссор-Құлсары тасжолын басып өткен еді.
Жөндеу жасалған учаскедегі уақытша жол қозғалысы патрульдік полиция ротасының үздіксіз бақылауында болады.