Атырау облысында су тасқынына қарсы күреске көмек көрсету үшін Жаңаөзеннен арнайы құрылған бригада Құлсарыға аттанды, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.
— Құлсары қаласында болған су тасқынының салдарын жою мақсатында Жаңаөзен әкімдігінің қолдауымен Құлсарыға арнайы техникамен жабдықталған көмек көрсету бригадасы шықты,-деп хабарлайды Қоғамдық коммуникациялар орталығы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бригада құрамында 60 маман, Құлсарыға 30 техника жеткізілді.
Арнайы техниканы қамтамасыз еткен ұйымдар қатарында — «Өзенмұнайгаз», «KazPetroDrilling», «Бұрғылау», «МұнайФилдСервис», «ӨзенМұнайСервис», «ҚазГӨЗ», «Кен-Құрылыс Сервис», «Өзенжылу», «Өзенинвест», «Өзенэнергосервис» компаниялары бар.
Қалалық мәслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер мен еріктілер де өз үлестерін қосты.