Доссор-Құлсары тас жолында жүк машиналары көп жиналды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.
Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб жүргізушілерге айналма жол арқылы өтуден бас тартуға шақырып отыр. Себебі, аталған жолда балшыққа батып кету қаупі бар. Бұл жағдай Жылыой эвакуациялық ауданына жіберілетін гуманитарлық көмек коллонналарының қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.
Соңғы ақпарат бойынша Доссор-Құлсары тас жолында Өзбекстан, Түрікменстан, Украина, Молдова, Румыния және Қазақстаннан жиналып, тұралап қалған көлік саны 470 .
⁃ Аудандық әкімдік пен полиция қызметкерлері жағдайды тұрақтандыру үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Бүгін 47 шетелдік жүргізуші Атырау-Ақтөбе тас жолы арқылы баламалы жолмен өтуге келісім берді, — деп қорытындылады штаб.