Атырау қаласында су тасқынына қарсы бөгеттерді бекіту жұмысына шет елдік азаматтар да көмектесуде. Соның бірі “Барсы Атырау” баскетбол клубының ойыншысы Майкл Окафор.
Ол өз сөзінде бұндай қиындықтарды елдің бірлігімен жеңіп шығуға болады дейді.
— «Сәлем! Менің есімім Майкл Окафор. Канададан келген “Барсы Атырау” баскетбол клубының ойыншысымын. Осы мәселені естігенде байыз таппай командамызбен осында келдік. Су тасқыны кезінде үйлерге су кірмес үшін бөгетті биіктетіп жатырмыз. Қаламызды табиғи апаттан сақтасақ, тұрғын ретіндегі борышымызды өтегеніміз», — деп басқа Қазақстандықтарға жұмыла іс жасауға шақырып, үндеу тастады.
Майкл атқарылып жатқан жұмыстарында, бір күнде 20 қапшыққа құм толтырған да айта кетті.