Атырау облысы Жылыой ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланғалы бері полицейлер мен Ұлттық ұлан әскері патрульдеу және эвакуациялау жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында тиісті шаралар жүргізілуде. Жылыой аудандық полиция бөлімінің Жедел басқару орталығындағы бейнекамералар арқылы су тасқыны басқан көшелерге бағыт алған көліктер мен тұрғындар тексеріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.