«Бөгет соғу жұмысына бірлесіп, күш біріктірудің арқасында ғана біз тасқынға төтеп бере аламыз» деді ақын Қадыр Жүсіп.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлкеттік университетінің профессоры, белгілі ақын Қадір Жүсіп тоқсан үшінші жылғы су тасқынына дайындық кезеңді еске алды.
«Қазір біз университет оқытушылары мен студенттерінің жағалауды биіктету жұмыстарына келдік. Су тасқынының алдын алуда – жастарымыз жұмыла жұмыс жасап жатыр. Бұл ерлікпен бірдей. Қазіргі қарбаласты көріп, 1993 жылғы су тасқыны болған кез есіме түсіп тұр. Онда да халқымыз үлкен ұйымшылдықпен қаламызды судан алып қалды. Бірақ, 1993 жылы Миялы, Жылыой аудандары тасқынның астында қалған еді. Балшықтан салынған үйлер түгелдей құлады. Сол кезде қаншама отбасы күн суық, түн ортасында балаларын құшақтап, жалаңаш күйде далаға қашып еді. Ал, Атырау қаласында қазіргідей тынымсыз дайындықтың, үлкен жұмыстың арқасында су тасқыны болмады. Осы жолы да бұл тасқынның алдын аламыз, еңсереміз деп сенемін», — дейді белгілі ақын Қадір Жүсіп.