Қосымша рейстерді енгізу туралы шешім Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты қабылданып отыр.
«9 сәуірде Air Astana әуе компаниясы KC 8770 және KC 8780 қосымша рейстерін Алматыдан Атырауға және кері қарай Airbus A321 ұшағымен жүзеге асырады. Ұшақтың сыйымдылығы — 179 орын. Алматыдан Атырауға ұшатын рейс сағат 17:00-ге жоспарланған. Кері рейс – сағат 21:15-те», — делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.