Ауданда төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары басталғалы бері 12 мыңнан астам жылыойлық қауіпсіз орынға көшірілді. Оның бес мыңы — балалар. Тұрғындар Атырау қаласына, Теңіз кенішіндегі вахталық қалашыққа және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына эвакуацияланды.