Атырау облысында Жем өзенінің суы «Құлсары-Мұқыр» бағытындағы жолды шайып кетті.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Атырау өңірлік филиалының баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, тасқын су аталған жолды жырған.
«Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылына дейін қатынайтын жолдың ұзындығы – 136 шақырым. Жем өзенінің арнасынан асқан су аталған жолдың 135-шақырымын шайып кетті», — деп хабарлады филиалдың баспасөз қызметі.