Қызылқоға ауданындағы Қарабау ауылының халқы да су тасқынына дайындалып жатыр. Ауылға Кезауыз каналынан қауіп төніп тұр. Оның ұзындығы 63 шақырым.
Тұрғындар бөгет тұрғызуды 29 наурызда бастап кеткен. Қазір ұзындығы 2 шақырым болатын бал бойына топырақ салынған 20 мыңдай қапшық қойылды. Ауыл тұрғындарымен бірге 150-ге жуық волонтер, құтқарушылар, Ұлттық ұланның сарбаздары кезектесіп еңбек етуде. Олар бөгеттің биіктігін 3 метрге дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Қарабау ауылы аудан орталығы – Миялыдан оңтүстік-батысқа қарай, 80 шақырым жерде орналасқан.