Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыБілім

Атырауда «QazynaFace» бағдарламасы жүзеге асады

Бұл туралы «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында көрсетілетін қызмет түрлерін цифрландыру» туралы жиында белгілі болды.

Жиын барысында мектепке дейінгі білім беру орындарында көрсетілетін қызмет түрлерін цифрландыру мақсатында «QazynaFace» атты бағдарламаны Атырау қаласында пилоттық жоба ретінде қосу үшін сала мамандарына таныстырылды. Заманауи инновациялық бағдарлама биометриялық бет-әлпетті тану арқылы балалардың балабақшаға келуін есеп карточкасына автоматты түрде тіркейді. Бағдарлама камераны қосып, бетін түсіру арқылы жүзеге асады, алайда баланың жеке бас мәліметтеріне ешқандай қауіп жоқ. Бұл технология бюджетті оңтайландырып қана қоймайды, сыбайлас жемқорлық жағдайларын да болдырмайды.

Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова бұл жобаны қолдану барысында ешқандай қиындық тудырмайтынын және басқа да тиімді жақтарын айтып өтті.

-Әзірге бағдарлама қаламызға пилоттық жоба ретінде қолданылады. Ал оны толықтай қосу мерзімі көрсеткен нәтижесіне байланысты болады. Жоба жетекшілерімен бірге жұмыс тобы құрылып, 45 мемлекеттік, 77 жекеменшік балабақша қызметкерлеріне оны пайдалану жолдарын түсіндіріп, семинарлар өткізетін боламыз. Осыған дейін №43, №39 мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымында қолданылды, ешқандай мәселе туындаған жоқ,- деді А.Дүйсекенова.

«QazynaFace» бағдарламасының авторы Жандос Оңалбековтің айтуынша, оның жасаған бағдарламасы мемлекеттің қаржысын үнемдейді.

-Аталған бағдарлама Оқу-ағарту министрлігінің тапсырысымен жасалды. Қазір барлығы цифрландыру жүйесіне өтіп жатқан кезде, бұл — балабақша қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін әдіс. Автор ретінде өзім қалаларды аралап, түсінік жұмыстарын атқарып жүрмін. Әзірге Ақтау, Ақтөбе қалаларында пилоттық жобада өтіп жатыр. Ал Қызылорда қаласында толықтай іске асып кетті. Соңғы есеп бойынша өткен жылдың тамыз бен желтоқсан аралығында 1 миллиард 492 млн теңге қаржы үнемделді,- деді Ж.Оңалбеков.

Сондай-ақ Атырау облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Алмас Көпжанов бұған дейін де бірқатар бағдарламалар жүзеге асқанын, бұл да өз кезегінде оң нәтиже беретінін айтып өтті.

-Облыс әкімінің тапсырмасымен Атырау облысындағы мектепке дейінгі мекемелердегі мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлінген қаражаттың тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін азайту мақсатында бірнеше ақпараттық жүйелер қарастырылды. Соның бірі — осы бағдарлама. Мұнда балалардың жеке ақпараттары сақталады, яғни қауіпсіздік тұрғысында сенімді. Нәтижелі жоба болғандықтан бүгінде Атырау қаласынан бастап сынақтан өтпек,- деді А.Көпжанов.

Айта кетейік, өңірде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту 100%, 2-6 жас аралығында 80% құрайды. Жалпы тәрбиеленушілердің саны 19959, оның ішінде мемлекеттік балабақшаға 11783, жекеменшік балабақшаға 7823, шағын орталыққа 353 бала барады.

Атырауда «QazynaFace» бағдарламасы жүзеге асады

Бұл туралы «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында көрсетілетін қызмет түрлерін цифрландыру» туралы жиында белгілі болды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Back to top button